,,, Lifehack
Адамнан айла артылған ба дейсің мұндайда. Биік өкшелі аяқкиім аяғыңызды талдырса, бір киер киіміңіз түктеніп кетсе, бюстгальтердің сүйегі денеңізді қажап тастаса, т.с.с. ыңғайсыздық тудыратын кездер болса не істеу керек? Төменде жинақталған күнделікті өмірде керегіңізге жарар 10 амалды біле жүріңіз.
1. Қырынуға арналған көбік - тамаша дақ кетіргіш құрал! Косметика, томат шырыны, майлы дақты оңай кетіреді. Дақ түскен жерге көбікті жағып, жай ысқылаймыз да артынша жуып жібереміз.
2. Кəдімгі кір қыстырғыш құлаққапты шиеленістірмей мұқият жинап қоюға пайдалы.
3. Баулардың шашақталып кеткен ұштарын тырнаққа арналған түссіз лакпен бояп қоюға болады.
4. Жаз күндері киіміңіз терден суланып кететін болса кəдеге асар керемет идея!
5. Арқа тұсы ашық көйлектерге бюстгальтерді тігіп қоюға да болады.
6. Бюстгальтердің аспа бауы түсіп кете беретін кездер болады. Мұндайда киімнің ішінен бау тігіп, аспаны соған бекітіп түймелеп қойсаңыз еш нəрсе мазаңызды алмайды.
7. Бюстгальтердің сүйегі денені қажап тастаса осы кеңесті есіңізге алыңыз. Əсіресе сапарда жүргенде сөмкеңізден табылатын нəрселермен бұл мəселені қалай шешу керек екенін енді сіз білесіз.
8. Кəдімгі ұстараның киімдегі түкті керемет тазалайтынын көп қыз-келіншектер біз айтпай-ақ білетін болулары керек.
9. Аяққиім əдетте жаңадан киген кезде аяқты қысып, қажап тастап жатады. Ондайда пластикалық пакетті суға толтырып, оны аяққиімге салып мұздатқышқа бір түнге қойып қойыңыз.
10. Биік өкшелі аяқкиімге қатысты керек кеңестер: егер пластырь немесе скотчпен аяқтың үшінші жəне төртінші бармағын орап қойсаңыз жүрген кездегі балтырға түсер күш азаяды.
11. Капрон шұлықты суретте көрсетілген тəсілмен тұмсығы ашық туфли ішінен киіп алсаңыз аяқты қажамайды.
12. Суретте көрсетілгендей капрон жастықша-шұлықты тігіп алсаңыз да болады. Күні бойына биік өкше туфлимен жүрсеңіз де аяғыңыз шаршамайды.